Онда Слободан Крчмаревич жаттықтыратын қазақстандықтар Швецияның «Фрей Таби» командасында өнер көрсететін Филипп Войтехович қорғаған қарсыластар қақпасынан саңылау таба алмады. Бұған дейін 29-тамызда Анталияда Мирослав Беранек баптайтын ересектер арасындағы ұлттық құрама да Латвиямен 0:0 есебін қанағат тұтқан болатын.
Бұл ойында С. Крчмаревич ел намысын қорғауды қақпашылардан -«шахтерлік» Сергей Ткачукке, қорғаушылардан — «астаналық» Абзал Бейсебеков, Дамир Дәуітов, Евгений Горячий, «ертістік» Дмитрий Шомко, «қайраттық» Нұржарық Құнов, жартылай қорғаушылардан — «қайсарлық» Асхат Тағыберген, «астаналық» Исламбек Қуат, «оқжетпестік» Хасан Әбдікәрімов, шабуылшылардан — «шахтерлік» Сергей Хижниченко, Станислав Лунин, «астаналық» Денис Прокопенко, «тобылдық» Бауыржан Жолшиев, «ақтөбелік» Сергей Лисенков пен «жетісулық» Алексей Щеткинге сеніп тапсырған болатын.