ФИФА президенті Джанни Инфантино ұсынған бастаманы басқарушы органның 37 мүшесі толық қолдап дауыс беріпті. ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатында осы өзгерісті енгізеді. Халықаралық футбол федерациясы қатысушы командалар санын арттыру арқылы қазынаға түсетін қаржыны да молайтып алмақ. Егер 48 құрама доп тебетін болса, ФИФА 6 млрд доллар пайда табуы мүмкін.