Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.
Мәскеу қаласында өткен футболдан Әлем чемпионатына қазақстандық шоу бизнес өкілдері де қатысты. Олар – Арман Қоңырбаев, Ғаділбек Жанай, Аян Бірбаев, Тәуекел Мүслім, Айдар Рысбек, Әділжан Омаров, Нұржан Керменбаев, Ерлан Әлімов, Ақылбек Жеменей және т.б.-лар.
“Алатау” клубы Әлем чемпионатында осымен 3 рет бақ сынады. Осы уақытқа дейін 9 және 5 орындарды иемденген болатын. Биыл да чемпионатқа 16 ел қатысып, жеребе бойынша 4 топқа бөлінген. Қазақстан құрамасы С тобында Аргентина, Иран, Словакия елдерімен ойынға түсті.
Алғашқы кездесуде 7:0 есебімен Аргентина әншілер құрамасын ұтқан. Бұдан кейін Словакиямен ойнап, қарсыластарын 2:0 есебімен тізе бүктірген. Ал 1 маусым күні өткен Қазақстан-Иран арасындағы шешуші ойында екі жақ тең түскен.
Бүгін чемпионаттың қорытындысы жарияланып, қазақстандық “Алатау” құрамасының бас жүлдені алғаны белгілі болды. Бұл қуанышты хабарды Нұржан Керменбаев жеткізді.