Бұл ақпаратты «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығы таратып отыр.
«Астана қаласының әкімдігі Оңтүстік Африка Республикасының елшілігі, «Хабар» агенттігі және «BI Media Company» компаниясының қатысумен футболдан әлем чемпионаты-2010 матчының тікелей көрсетіліміне барша қауымды шақырады», делінген баспасөз хабарламасында.
Сонымен шілденің 10-ы күні көше дисплейінде қола жүлде үшін тартысты ойын көрсетілімі ұйымдастырылса, шілденің 11-і күні финалдық кездесу мен жабылу рәсімі тікелей эфирде таратылады. Тікелей эфир Бәйтерек («Regines» мейрамханасының маңы) ауданында орналасқан LED-дисплейден көрсетіледі. Таратылу уақыты — сағат 00.30. Футболдан әлем чемпионаты тікелей эфирден таратылатын күні көшпелі сауда ұйымдастырылады.