Кейбір басылымдарда «Арт-футбол» музыкалық фестивалі деп те аталып жүр. Өтетін уақыты — 2-12 маусым аралығы.
Оған 16 елдің құрамасы қатысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алғашқы әлем чемпионатына өтінішті дер кезінде дұрыс толтырып өткізген елдердің әртістері қатысады. Соған қарағанда өтініш берушілер қатары одан да көп болған сияқты. Бір қызығы, әр елдің әртістерінің сапында екі ардагер футболшы ойнай алады. Мысалы, Чехия құрамдарын әйгілі Павел Недведпен нығайтса, Ресей Алексей Смертин мен Сергей Кирьяковты қосып отыр, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.
9 сәуір күні тартылған жеребенің қорытындысы бойынша, 16 құрама төрт топқа тең бөлінді:
«А» тобы: Бразилия, Словения, Польша, Эстония.
«В» тобы: Германия, Англия, Ресей, Жапония.
«С» тобы: Чехия, Түркия, Румыния, Корея.
«D» тобы: Голландия, Украина, Словения, Израиль.
Жалпы, әртістер арасындағы әлем чемпионатын өткізу туралы ұсыныс алғаш рет 2001 жылы көтерілген. Міне, енді жүзеге асқалы отыр. Әлем чемпионатының ойындары Мәскеудегі бірнеше стадионда өтеді. Әрі Стас Намин атындағы театрда әлем жұлдыздарының қатысуымен күн сайын гала-концерт өткізіліп тұрмақ.