Футболдан «Достастық кубогы-2013» турнирі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футболдан «Достастық кубогы-2013» турнирі басталды

Футболдан «Достастық кубогы-2013» турнирі басталды

Бүгін Ресейдің Санкт-Петербург қаласында футболдан дәстүрлі «Достастық кубогы - 2013» халықаралық турнирі басталды.

  • 18 Қаңтар 2013
  • 367
Фото - Caravan.kz

Тұңғыш рет 1993 жылы «ТМД достастығы және Балтық елдері кубогы» деген атпен ұйымдастырылған бұл жарысқа бастапқыда ел чемпионатының жеңімпаз командалары қатысатын. 2011 жылдан бастап оның форматы өзгеріп, 20-21 жастағы жастар құрамалары арасында өткізіле бастады.

Биыл бұл байрақты бәсекеге 12 елдің құрамасы қатысып жатыр. Онда аға жаттықтырушы Сергей Боровский жетекшілік ететін қазақстандық аяқдопшылар Қырғыз, Ресей және Өзбекстан командаларымен «В» тобында өнер көрсетуде. Бүгін Қазақстан мен Қырғыз, Ресей мен Өзбекстан құрамалары өзара күш сынасуда. 27 қаңтарға дейін созылатын бұл додада ел намысын 16 футболшы қорғамақ. Олардың төртеуі «Шахтерден», үшеуі «Тараздан» және «Ақтөбе», «Ордабасы», «Ертістен» екі-екіден, ал «Астана», «Жетісу» мен «Оқжетпестен» бір-бірден. Онда бапкерлер сенім артқан қақпашылар: Сергей Ткачук пен Станислав Павлов; қорғаушылар: Бақдәулет Қожабаев, Мақсат Әмірханов, Саят Сариев, Игорь Пикалкин, Сергей Григорьев, Кирилл Пасичник; жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат, Әлібек Аяғанов, Шерхан Бауыржан,Эльвин Аллаяров, Евгений Левин, Александр Ульшин; шабуылшылар: Бауыржан Исламхан, Тимур Қалижанов, Роман Мұртазаев, Станислав Лунин болып отыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера