“Футболдан қуу керек”: Қазақ тілін хайп тілі деген спортшының басы дауға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Футболдан қуу керек”: Қазақ тілін хайп тілі деген спортшының басы дауға қалды

“Футболдан қуу керек”: Қазақ тілін хайп тілі деген спортшының басы дауға қалды

Қазақстан құрамасы мен “Зенит” клубының қорғаушысы Нұрәлі Әліп бас бапкер Станислав Черчесовтің қазақ тіліне қатысты келеңсіз жағдайға тап болуы туралы өз ойын айтты.

  • 19 Тамыз
  • 417
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Есте болса, ресейлік маман Қазақстан құрамасына бас бапкер болып тағайындалғаннан кейін журналистермен кездескен болатын. Жиында журналистердің бірі бапкерге қазақша сұрақ қойып, оның ашуын тудырған. Тіпті, Черчесов тек орыс тілінде сұрақ қоюды талап еткен еді. Мұнан кейін қоғам наразылығы туындап, көпшілік оның отставкаға кетуін талап етті.

«Мен оны түсінемін. Тілші де орысша біле тұра қазақ тілінде сұрақ қойды. Сол үшін де ол «осетинше де жауап бере аламын» деді. Сондықтан қазақ тілінде сұрақ қою арқылы тілші хайп жасағысы келді. Қазақстанда барлық журналист орысша біледі», — деді ресейлік журналистерге сұхбат берген Әліп.

Осы оқиғадан кейін Черчесов қазақ тілі курсын оқуға кіріскенін мәлімдеген. Алайда, оның мемлекеттік тілді қаншалықты деңгейде үйренгені әзірге белгісіз.

Қоғам белсенділері мен желі қолданушылары спортшының бұл мәлімдемесіне наразылық танытып, ел алдында жауабын түсіндіруді талап етуде.

”Қазақстан да журналист қазақша сұрақ қойса, ол хайп емес! Мысалы, Германияда жүрген Испаниядан келген тренерге немісше сұрақ қойса, ол хайп емес. Өйткені ол Германияда жүрген тренер”, — деп жазды Нұрлан Қоянбаев.

Ал, спорт журналисі Аслан Каженов спортшыны “тойынған” деді.

”Бұл жауабыңды қалай түсінеміз?! Әлде тек қасыңдағы ана екеуге жағу үшін солай сөйледің бе? Өз ұлыңды бөтен үйден тойдырма дейтін нақыл сөз бар. Тойынғаның ба?”, — деп жазды ол.


Желі қолданушылары да Нұрәлінің бұл пікірімен келіспейтінін жарыса жазуда.

”Футболдан қуу керек қой мынаны”, “ Орыстың тамағын жеп, сөзін сөйлеп отыр”, “Мынауың ұят болды, сонда өз жеріңде өз тіліңде сөйлеу хайп па”, “Бұндай футболшы сымақтарды қуу кере, — деп жазды олар.