Футболдан Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымға дайындығын жалғастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футболдан Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымға дайындығын жалғастыруда

Футболдан Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымға дайындығын жалғастыруда

Футболдан Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымға дайындығын жалғастыруда.

  • 18 Наурыз 2011
  • 529
Фото - Caravan.kz

«Ақжайық» футбол клубынан Арсен Ғұбашевтің хабарлағанындай, бұған дейін Анталияда екі бірдей оқу-жаттығу жиынын өткізген команда үшіншісін Шымкент қаласында өткізіп, осында Наурыз кубогіне қатысады. Ресейлік маман Андрей Чернышов жаттықтыратын команда құрамында бірқатар өзгерістер бар. «Ақжайыққа» алынған молдовалық шабуылшы Олег Хромцов бұрын Молдова жастар құрамасында, «Тирасполь», «Алания», «Химки» сынды белгілі клубтарда ойнаған. Бойы 188 сантиметр, салмағы 82 килә шабуылшы біздің ел азаматтығын алып, енді «Ақжайықтың» премьер-лигаға оралуына көмектеспек. Өткен жылы Алматының «Қайратында» ойнаған Константин Зотов та — танымал футболшы. Кот Д Ивуардан келген жартылай қорғаушы Конэ Драманэ де команда құрамын толықтыратын болады. Сонымен қатар «Ақжайық» футбол клубының дайындық тобынан Филипп Богер, Иван Антипов, Ізім Сәрсекенов, Олег Тихомолов, Медет Жұмахметов, Еркін Тапалов, Руслан Валиуллин сынды жас ойыншылар алынды. Жалпы, Оралда балалар мен жасөспірімдер футболы жақсы дамып келеді. Айталық, 1994 жылғы қақпашы Андрей Неупокоев (бапкері Ислам Шалаев) «ОСЕ Бразиль» футбол академиясына алынды. Ол биыл Бразилияда жаттығатын болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера