Бүгін футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалының жеребесі тартылды, деп жазады Vesti.kz порталы.
Бұл кезеңнің ойындары 19 сәуір күні өтеді. Келесі кезеңге өтетін командалар тек бір ойынның қорытындысы бойынша анықталады. Кубоктың қазіргі иегері елордалық «Астана» Талдықорғанның «Жетісу» командасымен ойнайды. Ал алматылық «Қайрат» жамбылдық «Таразбен» кездеседі.
Жеребенің толық қорытындысы:
«Жетісу» — «Астана»
«Қайрат» — «Тараз»
«Тобыл» — «Шахтер»
«Ертіс» — «Қайсар»
«Ақжайық» — «Ақтөбе»
«Қызыл-Жар СК» — «Ордабасы»
«Мақтаарал» — «Оқжетпес»
«Қыран» — «Атырау»