Футболдан Қазақстан мен Қырғызстанның жастар құрамасы жолдастық кездесу өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футболдан Қазақстан мен Қырғызстанның жастар құрамасы жолдастық кездесу өткізеді

Футболдан Қазақстан мен Қырғызстанның жастар құрамасы жолдастық кездесу өткізеді

Бүгін Талғардағы құрама командалар базасында футболдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 10 Қыркүйек 2010
  • 536
Фото - Caravan.kz

Ол қыркүйектің 20-сына дейін созылмақ. Құраманың аға бапкері Павел Роднёнок бұл жиынға 24 футболшыны шақырып отыр. Олар қақпашы: Ярослав Бондаренко («Ордабасы»), Эрик Дуйсенбекұлы («Жетісу») мен Александр Календарь («Қазақмыс»); қорғаушы: Саят Сариев, Ярослав Мусиятченко, Асан Заманбекұлы («Жетісу»), Мақсат Әмірханов («Тараз»), Бақдаулет Қожабаев («Ордабасы»), Сергей Григорьев («Оқжетпес»), Азат Жунайтов («Цесна»), Евгений Зверев («Ақтөбе»), жартылай қорғаушы: Әлібек Аяғанов, Салман Чапанов ( «Ертіс»), Ислам Дүйсенбаев, Илья Калинин («Цесна»), Артем Кондратов, Иван Воротынцев («Қызылжар»), Евгений Лёвин («Ордабасы»), Исламбек Қуат («Локомотив»), Бейбіт Әбішев («Тобыл»), Шерхан Бауржан («Тараз»), Владислав Ахмеев («Шахтер») және шабуылшы Дамир Баймағамбетов («Ақтөбе») пен Абзал Бейсебеков («Қайрат»).

Бұл жиын кезінде олар Алматыда қырғызстандық құрдастарымен 2 жолдастық кездесу өткізбек. Оның біріншісі қыркүйектің 15-і күні «Динамо», ал екіншісі қыркүйектің 17-сі күні «Беназир» стадионында болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера