Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 27-ші тур ойындары аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 27-ші тур ойындары аяқталды

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 27-ші тур ойындары аяқталды

Өткен аптада футболдан Қазақстан чемпионатының 28-ші тур ойындары болып өтті. Оның қорытындылары бойынша, жалпы есепте «Тобыл» 55 ұпаймен топ бастап тұр. Ал «Ақтөбе» көшбасшыдан 5 ұпай қалып келеді.

  • 4 Қазан 2010
  • 654
Фото - Caravan.kz

Топ басындағы «Тобыл» өткен турдың қорытындысы бойынша өзінен кейін тұрған командадан 7 ұпайға озық болатын. «Астана Аренада» өткен «Локомотивпен» ойынында тең түсіп, қарсыластар 0:0 есебімен тарасты.

Бұл нәтижені ұтымды пайдалана білген «Ақтөбе» «Атыраумен» сырт алаңда өткізген ойында 5:2 есебімен ірі жеңіске жетіп, аралықты 2 ұпайға қысқартты. «Ақтөбелік» шабуылшы Мұрат Тілешев кездесудің 16-шы минутында есеп ашты. Ал Хайруллин 22-ші минутта 0:2-ге жеткізді. Қалған голдардың авторлары Тілешев 33 (0:3), Карпович 39 (0:4), Пейкришвили 80 (1:4), Фрунза 86 (2:4), Аверченко 88 (2:5).

Тең нәтижелі кездесу «Тараз» бен «Ордабасы» командаларының ойынында да тіркелді. Қонақтар сапындағы Тәжімбетов 46-шы минутта ойындағы алғашқы голды соқса (0:1), «Тараздықтар» құрамындағы сербиялық легионер Йованович 58 (1:1) есепті теңестірді.

Дәл осындай есеп «Шахтер» — «Ертіс» кездесуінде де орын алды. Ойындағы қос голдың иелері Шабалин 4 (0:1) және Пикалкин 90 (1:1).

Өткен турда аутсайдерлердің алды болып тұрған «Ақжайық» өз алаңында «Жетісудан» 0:3 есебімен ойсырай ұтылды. Турнирлік кестеде алдындағы 20 ұпайымен 11-ші орынға түскен «Ақжайық» келесі турда басты қарсыласы «Қайратпен» күш сынаспақ. Оралдықтардың қақпасына 3 бірдей допты тоғытқан «Жетісулықтар»: Мужиков 19 (0:1), Щеткин 58 (0:2) және Байжанов 67 (0:3).

Жалпы есепте әзірге соңғы болып тұрған «Оқжетпес» өз алаңындағы ойында аутсайдерлердің бірі «Қайратпен» ұпай бөлісті. Есеп — 1:1. Алаң иесі Дяк 45-ші минутта айып добын нәтижелі орындап есеп ашқанмен, қонақтар сапынан Носков 86-шы минутта кездесудің соңғы нүктесін қойды. «Қайрат» осы тең ойын арқылы 21 ұпаймен «Ақжайықтың» алдына шықты.

Сонымен, турнис кестесінде алғашқы үштік бұрынғысынша «Тобыл» (55 ұпай), «Ақтөбе» (50), «Локомотив» (45). Онан кейінгі 4-5-6-шы орындар да өзгеріске ұшырамаған: «Ертіс» (44), «Атырау» (41), «Шахтер» (40).

Премьер-лиганың 7-12-ші орындарында «Жетісу» (41) алға шықты. Алдыңғы 26-шы турда 7-ші орынға тұрақтаған «Ордабасы» (40) бір саты төмендеді. «Тараз» (29) 9-шы орында.

Аутсайдерлердің бұл жолғы көшбасшысы «Қайрат» (21) командасы болды. Онан кейінгі «Ақжайықта» 20, «Оқжетпесте» 19 ұпай.

Бұл жолғы сұрменгендердің орналасуында да өзгеріс болды. 14 голмен Ұлықбек Бақаев алдыңғы орында тұрса, онан кейін тұрған командаласы Нұрбол Жұмасқалиевте 12 доп. Үштікті қорытындылаған өткен жолғы Георгий Даскаловтың орнын Мұрат Тілешев иеленді. Оның еншісінде 10 доп.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера