Қазақстан құрамасы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Босния және Герцегевинадан жеңіліп қалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Командалар 2022 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің D тобы аясында кездескен. Матч Нұр-Сұлтандағы "Астана Аренада" өтті, ойын 0:2 есебімен босниялықтардың жеңісімен аяқталды.
25-минутта қонақтар сапында Смаил Превляк есеп ашты. 66-минутта ол дубль авторы атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы алты ойыннан кейін үш ұпай жинап, топта соңғы орында келеді. Әзірше команда жеңіске жеткен жоқ.
Енді қазақстандық футболшылар 12 қазанда өз алаңында Финляндиямен күш сынасады.