Футболдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу турына әзірленуде - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футболдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу турына әзірленуде

Футболдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу турына әзірленуде

Футболдан 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы Талғар қаласындағы жаттығу базасында 2010/2011 жылдардағы Еуропа чемпионатының іріктеу туры қарсаңындағы соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

  • 14 Қазан 2010
  • 523
Фото - Caravan.kz


Құраманың аға бапкері Павел Роднёнок оған қақпашылардан — Ярослав Бондаренко (Ордабасы), Эрик Дүйсенбекұлы (Жетісу), Александр Календарь (Қазақмыс); қорғаушылардан — Ярослав Мусиятченко, Асан Заманбекұлы, Саят Сариев (Жетісу), Бақдәулет Қожабаев (Ордабасы), Сергей Григорьев (Оқжетпес), Азат Жунайтов (Цесна), Артем Волков (Ертіс), Мақсат Әмірханов (Тараз); жартылай қорғаушылардан — Владислав Ахмеев, Игорь Пикалкин (Шахтер), Салман Чапанов, Әлібек Аяғанов (Ертіс), Бауыржан Байтана (Тараз), Илья Калинин (Цесна), Иван Воротынцев (Қызылжар), Александр Ульшин (Оқжетпес), Евгений Лёвин (Ордабасы), Исламбек Куат (Локомотив); шбуылшылардан — Бейбіт Әбішев (Тобыл), Шерхан Бауыржан (Тараз), Дамир Баймағамбетов (Ақтөбе) пен Абзал Бейсебековты (Қайрат) шақырған болатын. Қазанның 18-іне дейін созылатын бұл жиыннан кейін олар қазанның 20-25 күндері Уэльстің Кардиф қаласында өтетін іріктеу турына аттанады. Былтыр желтоқсанның 7-сі күні УЕФА штаб-пәтерінде 2011 жылы Румынияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турының жеребесінің қорытындысы бойынша Түркия, Исландия және Уэльс футболшыларымен 1-ші топта өнер көрсетеді. Онда бірде ақтық финалда өнер көрсетуге мүмкіндік алған жарыс қожайындарынан басқа елдердің командалары төрт-төрттен 13 топқа жіктелген болатын. Онда өз топтарында 1-2 иеленгендер мен үшінші орын алған үздік 2 команда жарыстың келесі айналымында жоғарғы кезеңнің 7 жолдамасы үшін таласатын болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера