Ойынның 51-ші минутында есеп ашқан алаң иесі Эллиот Чемберлен болды. Оның ізін ала 16 минуттан соң қазақ футболшысы — «Жетісудың» қорғаушысы Саят Сариев есепті теңестірді. Отандастарымыз осы есеппен ойынды тең аяқтады. Кездесу Бридженд қаласындағы «Брюэри Филд» стадионында өтті.
Сонымен, 19 жасқа дейінгі Уэльстік құрдастарымен соңғы ойындарын өткізген жерлестеріміз жалғыз ұпаймен жалпы кестеде соңғы орында қалды. Біздің топтағы қатар өткен тағы бір матчта Исландия құрамасы түріктерге 1:2 есебімен жол берді.
Қорыта келгенде, Түркия 7 ұпаймен топ басында тұр. Бізді жеңген Уэльс құрамасы 5 ұпаймен түріктердің өкшесін баса орналасты. Соңғы ойынын жеңіліспен аяқтаған Исландияда — 3 ұпай. 4-ші орындағы Қазақстан қоржынында 1 ұпай.