Атап айтқанда, «А» тобында бақ сынаған Ақтаудың «Каспий» футболшылары Мәскеудің «ФШМ» командасына 4:0 боп ұтылғанымен, Мытищинский ауданының балалар мен жасөспрімдер спорт мектебінің аяқдопшыларын 2:0 есебімен ұтты. «С» тобында ойнаған Алматының «Қайраты» Мәскеудің «Рублева» командасынан 2:0 есебімен басым түсіп, Мәскеу облысының «Мастер-Сатурн» командасынан 0:4 боп ұтылды. Ал «Д» тобында өнер көрсеткен Алматы қаласындағы №2 дарынды балалаларға арналған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары Иркутск қаласының «Жас динамошыларын» 1:0 етіп ұтып, Мәскеудің «Торпедосынан» 1:2 боп сүрінді.
Ширек финалда ақтаулықтар Краснодардың №5 дарынды балалаларға арналған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушыларымен ойынның негізгі уақытында (1:1) тең ойнап, пенальти кезінде 3:1 есебімен басым түсті. Бүгін олар енді жартылай финалда «Қайратты 2:3 есебімен ұтқан Мәскеудің «Торподосымен» кездеседі.