Футболдан жастар және жасөспірімдер құрамаларының бас бапкерлері қызметтерінен босады - kaz.caravan.kz
  • $ 496.85
  • 585.54
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футболдан жастар және жасөспірімдер құрамаларының бас бапкерлері қызметтерінен босады

Футболдан жастар және жасөспірімдер құрамаларының бас бапкерлері қызметтерінен босады

Қазақстан футбол федерациясы

  • 10 Қараша 2012
  • 268
Фото - Caravan.kz

Жаттықтырушылар кеңесі мәслихатының қорытындысы бойынша жастар (U-21) және жасөспірімдер (U-17) құрамаларының бас бапкерлері қызметтерінен босатылды.

Федерация сайтында жарияланған хабарламаға сүйенсек, онда жастар құрамасының (U-21) аға бапкері Слободан Крчмаревичпен жасалған келісімшарттың аяқталған мерзімін одан әрі ұзартпау туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ Еуропа біріншілігінің іріктеу додасында командасының нашар өнер көрсетуіне байланысты жасөспірімдер құрамасының (U-19) аға бапкері Михаил Соловьевқа қатаң сөгіс жарияланды.

Онымен бірге, командасы Еуропа біріншілігінің іріктеу додасында сәтсіз өнер көрсетуіне байланысты қызметінен кету туралы өз еркімен арыз жазған жасөспірімдер құрамасының (U-17) аға бапкері Павел Травник қызметінен босады.