Кездесу Гронингеннің «Эйроборг» стадионында өтті және 4:2 есебімен нидерландылықтардың жеңісімен аяқталды.
Автоголдың видеосы YouTube-те жарияланды.
59 минутта есеп 1:0 көрсеткішімен өз командасының пайдасында Дабо қапталдан доп алып, өз қақпасына қарай абайсыз пас берді. Ол допты өз командасының қақпашысы Йерун Хаувенге бермек болған еді, бірақ ара қашықтықты дұрыс есептей алмады.
Теңбіл доп қонақтардың шабуылшысы Йерун Хаувеннің төбесінен қиялай өтіп, қақпадан бір-ақ шықты.