Футзал: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының плей-офф бәсекесіне жолдама алды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
0 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футзал: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының плей-офф бәсекесіне жолдама алды

Футзал: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының плей-офф бәсекесіне жолдама алды

Футзалдан 2016 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы өз тобының жеңімпазы атанды.

  • 14 Желтоқсан 2015
  • 487
Фото - Caravan.kz

«ОН-ТВ» (бұрынғы «Таң») телеарнасынан тікелей эфирде көрсеткеніндей, соңғы ойында қазақстандықтар Франция құрамасын 4:2 есебімен ұтты. Бұл кездесуде Дәурен Нұрғожин қос доптың авторы атанса, Серік Жаманқұлов пен Дуглас бір-бірден гол соқты.

Сөйтіп үш ойыннан жеті ұпай жинаған Какаудың шәкірттері өз тобында жеңімпаз атанып, 2016 жылғы әлем біріншілігі іріктеу турнирінің плей-офф бәсекесіне жолдама алды. Бұған дейін Қазақстан құрамасы алаң иелері Чехия футболшыларын 3:1 есебімен тізе бүктіріп, словениялықтармен тең ойнаған (2:2) болатын.


Еске сала кетейік, 2016 жылғы наурыз-сәуірде өтетін плей-офф бәсекелерінен кейін Еуропадан Колумбияда 14 қыркүйек — 2 қазан аралығында өтетін әлем біріншілігіне баратын жеті құрама белгілі болмақ. Плей-офф бәсекелерінің жеребесі 12 ақпанда тартылмақ. 
Бұдан бөлек, футзалдан Қазақстан құрамасы Белградта (Сербия) 2-13 ақпанда өтетін Еуропа чемпионатына қатысады. Мұнда қазақстандықтар С тобында Ресей және Хорватия командаларымен сынға түседі.
null