Бұл туралы Vesti.kz ақпаратына сүйеніп Tengrinews.kz хабарлады.
Голдардың барлығы бірінші таймда соғылды. 8 минутта Лео "Жетісуді" алға шығарғанмен, 10 және 18 минутта гол соққан Диваней дубль орындады. Бір голды Игорь соқты.
Үшінші орын үшін өткен ойында Рудныйдың "Аят" клубы "Ақтөбені" 5:3 есебімен ұтты.