Футзалдан Қазақстан құрамасы Аргентинаға есе жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 537.53
  • 620.52
+30 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футзалдан Қазақстан құрамасы Аргентинаға есе жіберді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Аргентинаға есе жіберді

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін Колумбияда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінде алғашқы ойынын Қазақстан ұлттық құрамасы Аргентинаға есе жіберді.

  • 13 Қыркүйек 2016
  • 283
Фото - Caravan.kz

Какау бапкер бұл ойынға Игита, Нұрғожин, Лео, Довгань, Дуглас, Гуров, Кнауб, Гребонос, Пенгрин, Сүлейменов, Есенаманов, Першин, Таку, Мун секілді ойыншыларды шығарды.

Бірінші таймның басында Қазақстан құрамасы тізгінді қолға алып, басымдық танытқан еді. Игитаның ойынға араласуын тиімді пайдаланған қарсылас команда бірінші кезеңнің соңында қарымта шабуылдан бір гол соғып кетті.

Ал екінші таймда Қазақстан футзалшылары қанша тырысқанымен, Аргентина қақпасынан саңылау таба алмады. Вапораки соққан жалғыз гол матч соңына дейін сақталып қалды.


Бұл топтағы екінші ойында Коста-Рика Соломон аралдарын 4:2 есебімен ұтып, бірінші орынға шықты.

Аргентина – Қазақстан – 1:0
Гол: Вапораки 20 (1:0).