Г. Головкин мен Д. Сәдуақасова 2013 жылдың үздік спортшылары - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Г. Головкин мен Д. Сәдуақасова 2013 жылдың үздік спортшылары

Г. Головкин мен Д. Сәдуақасова 2013 жылдың үздік спортшылары

Қазақстандық Sport Review журналының оқырмандары Геннадий Головкин мен Динара Сәдуақасованы 2013 жылдың үздіктері деп таныды.

  • 8 Қаңтар 2014
  • 349
Фото - Caravan.kz

Басылымның хабарлауынша, үздік спортшы атағына дауыс беру 31 желтоқсанда сағат 23:59:59 кезінде аяқталды.

2010 және 2011 жылдары ерлер аталымында сәйкесінше Александр Винокуров пен Илья Ильин жеңімпаз болды. Ал өткен жылы бұл аталымда Геннадий Головкин үздік танылып отыр. Ол жалпы дауыстардың ішінде 60,9 пайызын жинаған. Екінші және үшінші орындарды Денис Кузин мен Алексей Полторанин бөлісті. Төртінші орында Андрей Финонченко, ал бесінші болып Денис Тен тұғырланды.

Ал қыздар арасында Д. Сәдуақасова 32,6 пайыз дауыс жинап, үздік атанса, 30,4 пайыз дауыспен Екатерина Ларионова екінші орында. Үшінші орынға Маргарита Мұқашева лайық деп танылды.


Дауыс беру редакцияға электрондық хат жіберу арқылы жүргізілді. 2013 жылдың үздік спортшыларына арнайы тапсырыспен жасалған асыл металлдар мен бағалы ағаштардан жасалған мүсіндер тапсырылады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера