Г. Головкин мен М. Маклин арасындағы жекпе-жек ресми түрде расталды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Г. Головкин мен М. Маклин арасындағы жекпе-жек ресми түрде расталды

Г. Головкин мен М. Маклин арасындағы жекпе-жек ресми түрде расталды

- Бокстан WBA және IBO дәрежелері бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы, жерлесіміз Геннадий Головкин және британдық Мэттьэ Маклин арасындағы кездесу ресми түрде расталды.

  • 12 Сәуiр 2013
  • 447
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы BoxingScene.com. сайтына сілтеме жасаған Vesti.kz тілшісі хабарлап отыр.

Жекпе-жек биылғы жылдың 29 маусымында Машантукте (АҚШ Коннектикут штаты) Foxwoods Resort Casino шаршы алаңында өтпек. Бұл Boxing After Dark сериясының шеңберінде НВО телеарнасындағы ірі шараға айналмақ.

Аталмыш кездесу қазақстандық былғары қолғап шебері үшін биылғы үшінші жекпе-жек және ол WBA белбеуін 8-ші мәрте қорғамақ. Британдық соңғы жекпе-жегін өткен жылдың 15 қыркүйегінде өткізіп, гаитяндық Джоашим Альсинді нокаутқа жіберген болатын. Бірақ оған дейін Маклин неміс Феликс Штурмға, кейін аргентиндік боксшы Серхио Габриэль Мартинеске есе жіберген еді.

Айта кетейік, Г.Головкин соңғы жекпе-жегінде жапондық Нобухиро Ишиданы есінен тандырған болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера