Г. Марченко: Беларусь рублінің девальвациясы Қазақстан экономикасына әсер етпейді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Г. Марченко: Беларусь рублінің девальвациясы Қазақстан экономикасына әсер етпейді

Г. Марченко: Беларусь рублінің девальвациясы Қазақстан экономикасына әсер етпейді

Белоруссияның ұлттық валютасының девальвациясы Қазақстан экономикасына айтарлықтай әсер етпейді,деп есептейді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко.

  • 30 Мамыр 2011
  • 493
Фото - Caravan.kz

«Біз Белоруссиядағы оқиғалардың біздегі жағдайға әсері болады деп ойламаймыз», — деп мәлім еттіГ. Марченко жексенбі күні «Портрет недели»бағдарламасына сұхбат беру барысында.

Г. Марченко «Белоруссияның Қазақстанның сыртқы саудасындағы үйлесі шағын» екенін жеткізді.

«Әрине біз белоруссиялық достарымыз бен әріптестерімізге жағдайдың жақсарғанын тілейміз, бірақ шикізат бағасы мен экспорттың көлемі қазіргідей қалса, біздің валюта нарығымызға салдары тимеуге тиіс», — деді Ұлттық банк басшысы.

Еске сала кетейік, өткен аптада Беларусь рублі 56,3%-ға девальвацияланды. Белоруссиялық БАҚ-тың хабарлауынша, БР Ұлттық банкі 24 мамырда АҚШ долларының ресми бағамын 4930 рубль деңгейінде белгіледі. 23 мамырда ресми бағам доллар үшін 3155 рубль болған.

Кәсіпорындардың бәсекелестігінің лайықты деңгейі мен тауарлардың еркін айналымы жағдайында Қазақстандағы жыл сайынғы инфляцияны кем дегенде 2 есеге төмендетуге болады, деп есептейді ҚР Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко.

«Қазақстанда соңғы 10 жылда инфляция деңгейі бірдей — 7,3-7,4% деңгейінде… Бізде кәсіпорындардың орташа тиімділігі — 50%-дан аспайды. Егер бізде нарықтың барлық сегменттерінде бәсекелестік толыққанды болып, ал екінші жағынан – тауарлардың айналымы еркін болса, онда біздегі инфляцяи Шығыс Еуропа елдеріндегідей жылына 3-4% болар еді», — деп Г. Марченко кешегі жексенбіде «Портрет недели» («Апта келбеті») апталық бағдарламасына берген сұхбатында мәлім етті.

Бұл ретте ол Қазақстандағы инфляция монетарлық сипатта емес екендігін атап өтті.

«Біздің талдама ешқандай да монетерлық факторлары (инфляцияның – ҚазТАГ) жоқ екенін көрсетті… Бұл жерде құрылымдық проблемалар, яғни біз әзірге толық қанды бәсекелестік пен тауарлардың сырттан шекара арқылы және Қазақстанның ішіндегі айналысын қамтамасыз ете алмай отырмыз. Біз соны істей алғанымызда біздегі инфляция деңгейі екі еседей төмендейді», — деп атап көрсетті ол.

Ұлттық банк басшысы инфляцияға негізгі үлес қосушы азық-түлік бағасы екенін еске салды. «Бұл біздің шекаралардың ашықтығын қамтамасыз етудегі аймақтық қабілетсіздігіміз. Жолдарда қанаушылық болмауын, жергілікті жерлердегі базаркомдар бағаны шарықтатып қоймауын қамтамасыз ете алмауымыздан», — деп түсіндірді ол.

Соңғы жаңалықтар