Г. Марченко: өмірді сақтандырған және жылжымайтын мүлікті апаттардан міндетті сақтандыруды енгізу қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Г. Марченко: өмірді сақтандырған және жылжымайтын мүлікті апаттардан міндетті сақтандыруды енгізу қажет

Г. Марченко: өмірді сақтандырған және жылжымайтын мүлікті апаттардан міндетті сақтандыруды енгізу қажет

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко өз өмірін сақтандырған және Қазақстанда жылжымайтын мүлікті апаттардан міндетті сақтандыруды енгізу қажет деп есептейді.

  • 8 Шiлде 2011
  • 510
Фото - Caravan.kz

«Иә, сақтандырдым(өз үйін — ҚазТАГ). Өмірімді де», — деп жазыптыГ. Марченкоprofinance.kz форумындағы онлайн-конференцияда сәйкес сұраққа жауап бере отырып.

Сонымен қатар, ол міндетті медициналық сақтандыруды, жылжымайтын мүлікті апаттардан сақтандыруды енгізу қажет деген пікір білдірді.

«Иә, сақтандырудың ондай түрлерін енгізу қажет деп есептеймін», — деді Ұлттық банктің төрағасы. Оның пікірінше, Қазақстанда сақтандыру компаниялары көрсететін қызметтердің аса сұранысқа ие болмауына «адамдардың психологиясы» себеп.

Сонымен бірге, ол қазіргі уақытта ҚР Ұлттық банкі Solvency II ге ауысу жоспарын жасап жатқанын, ол қаржылық тұрақтылық және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңестің сақтандыру секторына арналатын отырысында қаралатынын айтты.

Solvency II – сақтандыру ұйымдарының төлем қабілеттілігіне талаптардың жаңартылған жиынтығы, ол қауіптерді ескере отырып есептелген экономикалық капитал тұжырымдамасына негізделген. Бұл әдістің басты артықшылығы капиталдың көлемі сақтандыру ұйымы өз мойнына алатын қауіптердің көлемі мен түріне сәйкес келетінінде. Бұл әдісті пайдалану 99,5% жағдайда сақтандыру ұйымының тұрақты қызметін қамтамасыз етеді.

Соңғы жаңалықтар