Ғаламдық техникалық ақау: X, ChatGPT, Spotify, Zoom және көптеген серверлер бір сәтте істен шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғаламдық техникалық ақау: X, ChatGPT, Spotify, Zoom және көптеген серверлер бір сәтте істен шықты

Ғаламдық техникалық ақау: X, ChatGPT, Spotify, Zoom және көптеген серверлер бір сәтте істен шықты

X, ChatGPT, Spotify, Zoom және көптеген серверлер бір сәтте істен шықты

  • 19 Қараша
  • 9
ФОТО: freepik

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

zakon.kz оқырмандары сайттарды қорғау мен жеделдетудің негізгі провайдерлерінің бірі болып табылатын Cloudflare-нің істен шығуына байланысты чат-ботқа шағымдар жаудыруда. Өйткені, осыған байланысты бүкіл әлем бойынша көптеген танымал қызметтер бір мезетте қолжетімсіз болып қалған.

Олардың тізіміне X (бұрынғы Twitter), ChatGPT және OpenAI веб-сайты, Spotify, Zoom, Steam, Crunchyroll, Letterboxd және басқа да платформалар кіреді.

Сайттарға кірмек болғанда Cloudflare қатесі пайда болады. Компания осындай мәселе туындағанын растады және мамандар оны жою үшін жұмыс істеп жатқанын да жеткізді. Ақау себептері және қалпына келудің нақты уақыты да айтылмайды.

Перейти к новостям спорта