Бұл туралы Vesti.kz. жазып отыр.
Квалификацияның ақтық сынында 28 жастағы отандасымыз қытайлық И-Мяо Чжоуды ұтты. Кездесу 6:4, 6:3 есебімен аяқталды. Айта кеткен жөн, WTA рейтингісінде Воскобоева 121 сатыға жайғасса, 22 жастағы қытайлық спортшыға 157-ші орын берілген. Бұған дейін екі теннисші жарыс алаңында кездеспеген.
«Ролан Гарростың» алғашқы айналымында Г. Воскобоевамен біліктілік сынынан сүрінбеген 19 жастағы америкалық Грэйс Мин шеберлік байқасатыны анықталды. WTA рейтингісінде Мин 208-ші сатыда тұр. Бұған дейін теннисшілер мықтылықтарын сараптамаған.
Жарыстың негізгі бөлігінде тағы екі қазақстандық спортшы өнер көрсетеді. Ярослава Шведова америкалық Коко Вандевагемен кездессе, Юлия Путинцеваның қарсыласы — жапондық Аюми Морито.