Галина Воскобоева Rogers Cup 2011 халықаралық турнирінің үшінші айналымына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Галина Воскобоева Rogers Cup 2011 халықаралық турнирінің үшінші айналымына шықты

Галина Воскобоева Rogers Cup 2011 халықаралық турнирінің үшінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 2 миллион доллардан асатын Rogers Cup 2011 халықаралық турнирінің үшінші айналымына шықты.

  • 11 Тамыз 2011
  • 413
Фото - Caravan.kz

Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Екінші айналымда итальяндық Флавия Пеннеттамен қарсылас болған қазақстандық спортшы бірінші сетте 2:6 есебімен ұтылып қалған болатын. Дегенмен екінші сетте жинақылық танытқан Г.Воскобоева қарсыласын 6:3 есебімен тізе бүктірді. Соңғы сет те біздің спортшының айқын басымдылығымен аяқталды, есеп 6:2.

Естеріңізге сала кетейік, Алғашқы айналымда қазақстандық теннисші әлемнің үздік 10 теннисшісі қатарына кіретін француздық Марион Бартолиді 6:3, 6:3 есебімен жеңген болатын.