Ғалымдар қартайғанда немере бағудың пайдасы зор екенін дәлелдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 502.27
  • 597.15
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар қартайғанда немере бағудың пайдасы зор екенін дәлелдеді

Ғалымдар қартайғанда немере бағудың пайдасы зор екенін дәлелдеді

Қартайған шақта немерелермен тұрақты қарым-қатынас жасау денсаулықты сақтауға және ақыл-ой сергектігін ұзақ уақыт ұстап тұруға көмектеседі. Ғалымдар немере бағудың қарт адамдар үшін пайдасы зор екенін ғылыми зерттеу арқылы дәлелдеді

  • 28 Қаңтар
  • 5
ФОТО; ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тилбург университетінің ғалымдары Англиядағы қартаюды ұзақ мерзімді зерттеу аясында үш мыңға жуық қатысушының деректеріне талдау жүргізген.

Зерттеуде анықталғандай, 50 жастан асқан адамдардың немерелерін тәрбиелеуге тұрақты түрде қатысуы когнитивтік функциялардың төмендеуін баяулатады.

Белгілі болғандай, немерелерімен үнемі араласып, оларға көмектесіп отыратын қарт адамдар есте сақтау мен сөйлеуге қатысты тапсырмаларды орта есеппен жақсырақ орындаған. Бұл ретте көмектің көлемінен гөрі, тұрақты түрде араласудың өзі маңыздырақ болған.

Ең айқын оң әсер әжелерде байқалған — олардың когнитивтік көрсеткіштері баяу төмендеген. Ғалымдардың айтуынша, мұндай оң ықпал ақыл-ой белсенділігімен, эмоционалдық байланыспен және өзін қажет әрі маңызды сезінумен байланысты.

Зерттеу авторларының атап өтуінше, немере бағудың пайдасы тек ерікті әрі сабырлы отбасылық қатысу жағдайында байқалады. Ал күйзеліс жағдайында балаларға қарау, керісінше, қосымша жүктемеге айналуы мүмкін.