Ғалымдар жүрекке қандай кофе қауіпсіз екенін анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 518.34
  • 591.06
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар жүрекке қандай кофе қауіпсіз екенін анықтады

Ғалымдар жүрекке қандай кофе қауіпсіз екенін анықтады

Швеция ғалымдары кофемашина арқылы дайындалатын сусындарды егжей-тегжейлі зерттеп, жүрек саулығына ең қауіпсіз кофе түрін анықтады

  • 14 Сәуiр
  • 5
ФОТО: depositphotos.com

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа зерттеудің (Nutrition, Metabolism and Cardiovascular Diseases журналында жарияланған) авторларының бірі доктор Дэвид Иггманның айтуынша, кейбір кофе түрлері холестерин деңгейін көтеретіні бірнеше онжылдық бұрын белгілі болған.

Зерттеу нәтижесінде сүзгіден өтпеген немесе кофемашинада дайындалған кофеде кафестол мен кахвеол болатыны анықталды. Бұл заттар холестерин деңгейін арттырады. 

Ал, сүзгіден өткен кофе құрамында холестерин деңгейін көтеретін заттар әлдеқайда аз болады. Сондықтан бұл түрі қауіпсіздеу саналады.

Сонымен қатар, зерттеуде кофемашиналардың сұйық модельдері де жақсы таңдау екені көрсетілді. Бұл құрылғыларда дайындалған сусын сұйық кофенің концентратын ыстық сумен араластыру арқылы алынады. Нәтижесінде дитерпені өте аз, яғни қағаз сүзгі арқылы сүзілген кофе секілді пайдалы сусын шығады.