«Біздің құраманың сапында 16 спортшы өнер көрсетеді. Спортшыларымыз бабында. Чемпионат барысында финалда ойын көрсету басты мақсатымыз», — деді аға жаттықтырушы. Еске сала кетейік, Қазақстанның қыздар құрамасы бұған дейін 3 рет Азия чемпионы атанған болатын.
Аталған жарысқа бұған дейін хабарлағанымыздай, Азия елдерінің 8 командасы қатысады. 20 қыркүйекте аяқталатын ойын қорытындысы бойынша Азия чемпионы анықталады. Сонымен қатар 1-4 орын иеленген командалар 2012 жылы Чехияда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алады.
«Азия чемпионатын елімізде өткізудегі мақсат — елімізде салауатты өмір салтын, гандбол спортын насихаттау, командалардың деңгейін көтеру. Бізге гандболдан Азия құрлығындағы көшбасшы ретінде осы биік деңгейді ұстап тұру тапсырылған. Сондықтан аталған гандболды дамыту, насихаттау, осындай халықаралық деңгейдегі шараларды өткізу басты мақсатымыз»,- деді баспасөз мәслихаты барысында Қазақстан гандбол федерациясының президенті Гүлнар Тұрлыханова.
Оның айтуынша ертең басталатын Азия чемпионаты Қазақстанда өтетін гандбол сайыстарының соңы емес. Алдағы 2-6 қараша аралығында бұдан да ірі шара, Халықаралық гандбол федерациясының кубогы үшін сайыс өтеді. Айтулы додаға төрт құрлықтың командалары қатыспақ.