Ганноверде өтетін бүкіләлемдік озық технологиялар көрмесінде Маңғышлақ атом энергиясы комбинаты туралы фильм назарға ұсынылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ганноверде өтетін бүкіләлемдік озық технологиялар көрмесінде Маңғышлақ атом энергиясы комбинаты туралы фильм назарға ұсынылады

Ганноверде өтетін бүкіләлемдік озық технологиялар көрмесінде Маңғышлақ атом энергиясы комбинаты туралы фильм назарға ұсынылады

"Жаңа қала" жарнама агенттігінің түсіруші тобы қазір "Қазақатомөнеркәсібі" ҰК-ның құрамына кіретін Маңғышлақ атом энергиясы комбинатының қалыптасу және даму тарихы туралы бейнефильм түсіріп бітірді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "МАЭК-Қазақатомөнеркәсібі" ЖШС-нің баспасөз хатшысы Қолғанат Нұржаубайұлы хабарлады.

  • 13 Сәуiр 2004
  • 554
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, қазір түсіру тобы материалдарды монтаждауға кірісті. Фильм биылғы жылдың 15-сәуіріне дейін дайын болуы тиіс.

Көрермендер үшін теңіз суын тұщыту технологиясымен танысу қызғылықты болары анық. Бұл тақырыпқа бейнефильмнің бір эпизоды арналады. Фильмнің бұл бөлігі дистиллят дайындау, сондай-ақ, өнеркәсіпті жылу және сумен қамтамасыз ету зауыттарында түсірілген. Қ.Нұржаубайұлының айтуынша, бейнефильм авторлары республика көлемінде тұңғыш рет SIMENS фирмасының автоматты басқару жүйесін кәсіпорында қолданысқа енгізуге баса назар аударды.
Баспасөз хатшысының хабарлауынша, бейнефильм Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сәуір айының ортасына межеленген Ганновер сапары аясында осында өтетін бүкіләлемдік озық технологиялар көрмесінде ортаға салынады.

Соңғы жаңалықтар