Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл жолы полиция Шымкенттегі "Гарант 24 ломбард" ЖШС филиалының директорын қамауға алды.
Бүгінгі таңда Шымкенттің құқық қорғау органдарына "ESTATE Ломбард" және "Гарант 24 ломбард" ЖШС филиалдарының басшылығының алаяқтық әрекеттері туралы үш жүзге жуық адам шағым түсірген. Мұндай деректерді облыстық полиция мәліметтері куәландырады.
Азаматтардан қаражат, көлік құралдары мен жылжымайтын мүлікті заңсыз алу үшін қылмыстық схеманы құру бойынша тергеу барысында полиция ізіне түсіп, Шымкент қаласындағы "Гарант 24 ломбард" филиалының директорын ұстады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол қала тұрғындарын 500 миллион теңгеге алдаған.
Ал бұған дейін Шымкентте "Estate Ломбард" ЖШС филиалының директоры ұсталды.
Өз әрекеттерімен ол салымшыларды 100 миллион теңгеден асатын сомаға алдаған.
Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Еске сала кетейік, қазіргі таңда құқық қорғау органдарына "Гарант 24 Ломбард", "ESTATE Ломбард" ЖШС-не және "Нурали Капитал", "Выгодный займ" микрокредиттік ұйымдарының иелері заңсыз әрекеттеріне қатысты 6 мыңға жуық арыз түскені туралы хабарланған.