Гаухар Әлімбекова 6 жылға бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гаухар Әлімбекова 6 жылға бас бостандығынан айырылды

Гаухар Әлімбекова 6 жылға бас бостандығынан айырылды

Әйгілі әнші, композитор Гауһар Әлімбекова алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды. 

  • 31 Қаңтар 2019
  • 174
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасы хабарлайды.

Алматының Алмалы аудандық соты осындай үкім шығарды. Әлімбековамен сот отырысына қатысқан оның інісі мен сіңілісі судья үкім оқығанша Гаухар ақталады деп сенімді болған. Алайда сот залынан әнші қолына кісен салынып әкетілді. «Келінге өсиет» айтып, «Махаббатын оралта алмай жүрген « әнші Гауһар Әлімбекова сотта көз жасына ерік берді.

30 жыл сахнада жүріп, халықтың ықыласына бөленген әнші жәбірленуші Бақыт Назаровамен 15 жылдан астам уақыт дос болған екен. Сот материалдарына қарағанда, 2013 жылы сазгер құрбысынан «Ақкент» тұрғын үй кешенінен үй алып беремін деп 40 мың доллар алған. Бірақ аяғында не үй жоқ, не ақшасын қайтарып бермеген. «Гауһарға ақша тауып беру үшін баламның көлігін, бар зергерлік бұйымдарды сатып, бірнеше рет несие алуға мәжбүр болдым» дейді экс-құрбы. 

БАҚЫТ НАЗАРОВА, жәбірленуші:

– Мен үмітімді соңғы кезге дейін үзбеп едім. Мен оған барлық жағдай жасап едім, кім қателеспейді бұл өмірде. Қателігін мойындайтын шығар, тәубесіне келетін шығар деп осы күнге дейін күтіп едім. Оның қазір жүзінен-ақ байқап отырмын ол әлі қатесін мойындаудан аулақ екен. 

Гауһар Әлімбекованың үстінен Қылмыстық кодекстің 190-бабы, яғни алаяқтық үшін қылмыстық іс қозғалған. Әлімбековамен қатар Феруза Ордабева есімді алаяқтық бабы бойынша жазасын өтеп жатқан келіншек те сотталды.

Прокурор Дәурен Дінбаев әнші мен Ордабаеваның жазасы толық дәлелденді, сондықтан Гауһар Әлімбекованы 8 жылға, ал Феруза Ордабаеваны 3 жыл 4 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот та композитордың кінәсі толық дәлелденді деп шешті.


Ернар Қасымбеков, Алмалы аудандық сотының судьясы:

— Әлімбекова Гаухар Серікбаевна Қазақстан Республикасының қылмыс кодексінің 190-шы бабының, 4-ші бөлімінің, екінші тармағында көрсетілген қылмысты жасауда кінәлі деп тауып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Сотталған Әлімбекова жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтесін. Сотталған Әлімбекованың жазасын өтеу мерзімі 2019 жылдың, 30 қаңтарынан бастап енгізілсін.

Сотталушылар камераға түсіруге рұқсат берген жоқ. Танымал әнші тек өз кінәсін мойындамайтынын жеткізді.

ЛӘЗЗАТ АХМЕТЖАН-ОМАН, тілші:

– Жәбірленуші Бақыт Назарова Әлімбековадан 51 мың доллар және 10 миллион теңге көлемінде материалдық шығын талап еткен. Алайда судья талап арызды ішінара ғана қанағаттандырды. Енді Гауһар Әлімбекова жәбірленушіге 40 мың долларды қайтарып беруге міндеттелді.