Жазығым не, өзiңдi сүйгенiм бе?
Сүйгенiм бе, отыңа күйгенiм бе?
Жүрегiңнiң жұрт ұқпас сырын ұғып,
Жүрегiңнiң жұрт ұқпас сырын ұғып,
Ешкiмге айтпай iшiме түйгенiм бе?
Қайырмасы:
Жазығым не, менi әлi түсiнбеймiн,
Бар ма әлде жазған бiр iсiм деймiн.
Өзiң — жұмбақ, шеше алмай мен де — жұмбақ,
Өзiң — жұмбақ, шеше алмай мен де — жұмбақ,
Өтiп жатыр бұлдырап түсiмдей күн.
Жазығым не, айтқанда бұлақ әнiң,
Күлгенiн айыра алмай, жылағанын.
Бар дүниенi ұмытып сенен басқа,
Бар дүниенi ұмытып сенен басқа,
Қалжырап кеп қасыңа құлағаным…
Қайырмасы:
Жазығым не, менi әлi түсiнбеймiн,
Бар ма әлде жазған бiр iсiм деймiн.
Өзiң — жұмбақ, шеше алмай мен де — жұмбақ,
Өзiң — жұмбақ, шеше алмай мен де — жұмбақ,
Өтiп жатыр бұлдырап түсiмдей күн.
Күндер өтер жарқырап таң атқанда,
Бiтедi-ау бұл азапты сағаттар да.
Күнмен бiрге келер-ау қалқам менiң,
Күнмен бiрге келер-ау қалқам менiң,
Бiрақ соны тосуға тағат бар ма?
Қайырмасы:
Жазығым не, менi әлi түсiнбеймiн,
Бар ма әлде жазған бiр iсiм деймiн.
Өзiң — жұмбақ, шеше алмай мен де — жұмбақ,
Өзiң — жұмбақ, шеше алмай мен де — жұмбақ,
Өтiп жатыр бұлдырап түсiмдей күн.