Газ баллонының жарылуы салдарынан үйдің қабырғасы жарым-жартылай құлады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Газ баллонының жарылуы салдарынан үйдің қабырғасы жарым-жартылай құлады

Газ баллонының жарылуы салдарынан үйдің қабырғасы жарым-жартылай құлады

Солтүстік Қазақстан облысының Корнеевка ауылында бейсенбі күні жекеменшік тұрғын үйде көлемі 5 литр тұрмыстық газ баллоны жарылды,

  • 30 Қараша 2012
  • 374
Фото - Caravan.kz

соның салдарынан үйдің қабырғалары жарым-жартылай құлады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Күйік шалған 62 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.

Сол күні Қызылорда қаласында табиғи газбен жанатын пештің ақаулығы салдарынан 6, 14 және 15 жастағы үш бала иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді.