Қашаған мұнайының алғашқы партиясы КҚК жүйесіне жоспарланған уақытта, яғни, қазан айында жөнелтіледі.
«Қашағандағы технологиялық мәселелер шешіліп, қазан айында мұнайдың алғашқы партиясын тиейміз деп үміттенеміз. Біз Каспий құбыр желісі консорциумына басымдық беріп отырмыз», — деп сәрсенбі күні халықаралық «Мұнай және газ KIOGE-2013» конференциясы шеңберінде өткен баспасөз мәслихатында «ҚазМұнайГаз» компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Есқазиев мәлім етті.
Оның айтуынша, әзірге Қашағандағы мұнай өндірісіне қатысты жоспарлар өзгерген жоқ.