Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Байшылық Сарманның айтуынша, мұндай шектеу 25-қарашада «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ-ына қарасты «Атырау» газ құбырында шыққан апатқа байланысты енгізілген, осының салдарынан «Теңізшевройл» компаниясы энергия өндіруші комбинатқа газ жіберуді доғарды.
Б.Сарманың хабарлауынша, газ құбырындағы апат орнындағы жөндеу жұмыстары 29-қараша, дүйсенбіде аяқталған. Алайда, «Атырау» газ құбырымен қайтадан газ жіберген кезде басқа тағы бір учаскеде апат шықты. Қазір «Теңізшевройл» компаниясы газды энергокомбинатқа газ құбырының басқа тармағы арқылы жіберуде. «Әзірге газ жіберуге қатысты ахуал күрделі күйінде қалып отыр, дегенмен, барлығы бақылауда және таяу уақыттарда жағдай реттеледі»,- деді Б.Сарман.
Ал «МАЭК-Қазатомөнеркәсібі» ЖШС өкілінің айтуынша, электр қуатын жіберуге шектеу қоюға және ыстық су жіберуді доғаруға байланысты ахуалдар мынадай жайтқа байланысты: «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ мен Түрікменстан арасындағы келісімге сәйкес, жөндеу жұмыстары барысында МАЭК ТШО мен ҚазРосГаз-дан алған қажетті газ көлемі резервтегі құбыр арқылы жіберілуі тиіс. МАЭК үшін тұрақты жұмыс істеуге 115 мың текше метр көгілдір отын қажет, ал Түрікменстан жағы 75-80 мың текше метр газ жіберген.
Қазір кәсіпорын жұмысы электр желілерін басқару жөніндегі «KEGOС» ұлттық компаниясының желілері арқылы тоқ жіберу арқылы жалғасуда. Өндірілген электр қуатының көлемі 281 МВт-ты құрайды. Ал бұған дейін 351 МВт электр қуаты өндіріліп келген. Осыған байланысты кәсіпорын өз тұтынушылары арасында 15-30 МВт мөлшерінде жартылай шектеу енгізді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылдың 3-қарашасында «Атырау» газ құбырының бойында «Окарем-Бейнеу» магистральды газ құбырының 770-шақырымында қысым түсу оқиғасы тіркелді. Құбырдың әбден тозығы жетуі салдарынан көлемі 2 метрге жуық қуыс түзілген. Бейнеу және Жаңаөзен желілік-өндірістік және желілік-эксплуатациялық басқармаларының күшімен апат шыққан учаске арматурамен бекітілді. Апат болған жерде ұзындығы 20 метрлік құбыр жаңартылды.