Газа секторы мен Израильдің оңтүстігіндегі шиеленістің ушығуына қатысты ҚР СІМ мәлімдемесі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Газа секторы мен Израильдің оңтүстігіндегі шиеленістің ушығуына қатысты ҚР СІМ мәлімдемесі

Газа секторы мен Израильдің оңтүстігіндегі шиеленістің ушығуына қатысты ҚР СІМ мәлімдемесі

Қазақстан, бейбіт тұрғындардың қаза табуына әкеліп соқтырған, Газа секторы мен Израильдің оңтүстігіндегі зорлық әрекеттерге алаңдаушылығын білдіреді, делінген ҚР Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада.

  • 20 Қараша 2012
  • 314
Фото - Caravan.kz

«Жағдайдың ушығуына жол бермеу мақсатында тараптарды барынша ұстамдылық танытуға шақырамыз.

Таяу Шығыста әділ және тұрақты бейбітшілік орнату үшін өзара тиімді шешім іздестіру бойынша халықаралық қауымдастықтың салып отырған күш-жігерін қолдаймыз.

Қақтығыс алаңындағы гуманитарлық жағдайдың нашарлауына алаңдаушылық танытамыз. Жағдай бұдан әрі ушығатын болса, Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарын қақтығыс алаңынан шығарып алуға дайын.

Осы мәселеге қатысты сұрақтар бойынша тәулік бойы келесі байланыс телефондары арқылы ақпарат алуға болады:

— Израильдегі Қазақстан Елшілігінің консулдық бөлімі: 8-10-97-203 516-34-11, 516-34-64, консул — Мұстафин Еркен Қуандықұлы (ұялы нөмірі +972-546-071-528, электрондық мекенжайы — e.mustafin@mfa.kz);

— Иордания Хашимит Корольдігіндегі Қазақстан Елшілігінің консулдық бөлімі: 8-10-962- 6 — 592-79-53/54, консул — Қойшыбаев Бақытжан Серікұлы (ұялы нөмірі +962-798-806-729, электрондық мекенжайы — kazcon@orange.je)

— ҚР СІМ Консулдық қызмет Департаменті:

Рамиля Тортаева (Израиль) +7(7172) 72-04-86;

Анар Князбаева (Палестина) +7(7172) 72-03-07.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бойынша кезекші дипломаттың телефоны — (7172) 72-01-11 (18.00-ден кейін).

Ақпарат: ҚР СІМ ақпаратына сәйкес, Израиль мемлекетінде консулдық есепте ҚР-ның 42 азаматы тіркелген. Сондай-ақ қазіргі таңда түрлі мақсатпен (демалыс, емделу, жеке сапар) Израильде ҚР-ның 146 азаматы жүр. Палестинада 25 отбасы тұрады (118 адам, соның ішінде 89-ы — балалар мен жасөспірімдер).

Соңғы жаңалықтар