Газа Секторын жан-жақтан бомбалап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Газа Секторын жан-жақтан бомбалап жатыр

Газа Секторын жан-жақтан бомбалап жатыр

Израиль осымен бесінші күн қатарынан Газа Секторын бомбалауды жалғастыруда.

  • 18 Қараша 2012
  • 346
Фото - Caravan.kz

Жауап ретінде «ХАМАС» Израильге зымырандарды ұшыруда. ВВС мәліметтеріне қарағанда, Газаны енді тек әуеден ғана емес, сонымен қатар теңізден де бомбалап жатқан көрінеді, яғни оған Израиль әскери теңіз күштерінің кемелері қосылған екен. Бұл жайында utro.ru хабарлап отыр.

Таңертеңгі атыс-шабыстың нәтижесінде Газадағы бұқаралық ақпарат құралдарының офистері орналасқан ғимарат зардап шекті. Бірнеше журналист жарақат алды. Сонымен қатар босқындардың лагері де зардап шекті. Онда бір адам қаза тауып, 12-сі жарақат алды, деп жазады AL Jazeera.

«Хамас» болса, өз жағынан Израильді зымырандармен атқылауды жалғастыруда. Тель-Авивте бүгін тағы да әуе қауіп-қатерінің дабылдары қағылды. Әскерилердің айтуынша, бір зымыран қалаға дейін жеткен екен, оны «Темір күмбез» атты зениттік жүйе қағып түсірген.

Бұдан бөлек, Израиль артиллериялық соққыны Сирияның аумағына да бағыттаған.

Қазіргі уақытта Израиль мен палестиналық тараптан болған адам шығыны жайындағы мәліметтерді салыстыруға келмейді. Зымыраннан Израильде үш адам қаза болып, ондаған адам зардап шеккен. Газада кем дегенде 47 адам қаза болды, оның жартысы бейбіт тұрғындар.

ВВС мәліметі бойынша, Тель-Авив әзірге жерүсті операциясын бастауға бел буған жоқ. Оған дейін бармауы да мүмкін. Қазіргі кезде бітімге келу бойынша Мысырды ортаға алып, келіссөздер жүргізілуде. Каирдің ұсынысы бойынша Израиль бомбалауды, ал «Хамас» зымырандық атыс-шабысты тоқтатуы шарт. Мысыр Президенті Мохаммед Мурси Газада жерүсті операциясын бастауды қабылдауға болмайтын шара екенін қатаң мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар