Ол суреттен Палестинада өз аты бар футболка киген 12 жасар баланың мәйітін көргенде жылап жіберді, деп хабарлайды muftiyat.kz.
«Менің футболкамды киіп ойнап жүрген Палестиналық бала өлтірілді. Мен барлық жазықсыз қаза болғандарға және Газа мен Палестинаның азат болуына дұға етемін» - деп жазады Месут өзінің Твиттердегі парақшасында.
Айта кететіндігі, Месут Өзил - «Реал Мадрид» футбол клубының жарқын мұсылман ойыншыларының бірі. Әр ойынға шығар алдында ол «Фатиха» сүресін оқып шығады екен.