"Газпром" ААҚ өзінің "ҚазРосГаз" ЖАҚ-ындағы үлесін 30%-тен 50%-ке дейін арттырады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Газпром" ААҚ өзінің "ҚазРосГаз" ЖАҚ-ындағы үлесін 30%-тен 50%-ке дейін арттырады

"Газпром" ААҚ өзінің "ҚазРосГаз" ЖАҚ-ындағы үлесін 30%-тен 50%-ке дейін арттырады

21-шілдеде "Газпром" ААҚ-ның директорлар кеңесі "Қазросгаз" ЖАҚ-ның 20% акцияларын сатып алу туралы шешімді мақұлдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Газпром" ААҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Шiлде 2003
  • 458
Фото - Caravan.kz

Соның нәтижесінде компанияның жарғылық қорындағы Газпромның үлесі 30%-тен 50%-ке дейін өседі. Акциялар номиналдық құны бойынша сатып алынбақ. Акциялардың бұл пакеті бірінші эмисиядан кейін биржаның сауда-саттық алаңына шығарылмай қалған болатын.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «ҚазРосГаз» ЖАҚ Қазақстан және Ресей Федерациясы үкіметтері арасындағы газ саласындағы ынтымақтастық жөніндегі 2001-жылдың 28-қарашасындағы келісімге сәйкес құрылған болатын.
Компанияның басты функциясы — Қазақстан газын өңдеу, тасымалдау, табиғи газ бен оны өңдеу өнімдерін ішкі және сыртқы рынокта сату, газға байланысты маркетингтік шаралар ұйымдастыру тәрізді операцияларды өткізуге саяды.
Атап айтсақ, «ҚазРосГаз» ЖАҚ 2002-жылы Қарашығанақ кенішінде шығарылған 1,6 млрд. текше метр шикі газды сатып алып Орынбор газ өңдеу зауытына өңдеуге жіберді. «ҚазРосГаз» ЖАҚ-ның құрылтайшылары арасында «Газпроммен» бірге 50%-тік үлес иемденетін «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ да бар.

Соңғы жаңалықтар