"Газпром" Қазақстанға Орынбор газ өңдеу зауытының базасында бірлескен кәсіпорын құруды ұсынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Газпром" Қазақстанға Орынбор газ өңдеу зауытының базасында бірлескен кәсіпорын құруды ұсынуда

"Газпром" Қазақстанға Орынбор газ өңдеу зауытының базасында бірлескен кәсіпорын құруды ұсынуда

"Газпром" Қазақстанға Орынбор газ өңдеу зауытының базасында бірлескен кәсіпорын құруды ұсынуда. Бұл туралы Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігі хабарлады.

  • 5 Шiлде 2004
  • 793
Фото - Caravan.kz

«Газпром» ААҚ басқармалары төрағасының орынбасары Александр Рязановтың хабарлауынша, «олар 40 млрд. текше метрге дейін газ өңдей алатын Орынбор газ өңдеу кешенінің күш-қуатын толыққанды әжетке жаратуды ұсынып отыр». «Өз басым бірлескен кәсіпорынның қағаз жүзінде қалмай, нақты меншікке ие болуын қалар едім»,- деді ол.

А.Рязановтың айтуынша, Қазақстандағы Қарашығанақ газ кенішінен Орынборға жеткізілуі мүмкін қосымша 8 млрд. текше метр газды өңдеу үшін кем дегенде 3 технологиялық қондырғы, Қарашығанаққа дейінгі екі газ құбыры мен технологиялық жабдықтар жинағы қажет. «Газпром» ААҚ болашақ бірлескен кәсіпорынға бұл жабдықтарды беруге дайын. Сондай-ақ, бірлескен кәсіпорын Орынбор газ өңдеу зауытының иелігіндегі инфрақұрылымды пайдалана алар еді,- деді А.Рязанов.
Ол осы орайда Қазақстанда дәл Қарашығанақ кенішінде қуаты 10 млрд. текше метрді құрайтын газ өңдеу зауытын салу мәселесі қаралып жатқанын еске салды. «Біз бұл ұсынысты талқылап жатырмыз»,- деді «Газпром» ААҚ басқармалары төрағасының орынбасары.
Оның бағалауынша, мұндай зауытты салу «шамамен 1,3 млрд. доллар қаржыны талап етеді». Қарашығанақта зауыт салу «газдың 90 процентке жуығын батыстағы базарларда сатуға мүмкіндік болған жағдайда ғана тиімді болмақ. Ал қазір елдің бұл бөлігі газға зәру болып отырған жоқ. Сондықтан 10 млрд. текше метр газды таратып сату қиындық тудырады»,- деді А.Рязанов.
Ал Орынбор газ өңдеу зауытын қосымша 8 млрд. текше метрдей газ өңдеуге лайықтап жаңалауға 300-320 млн. доллар қажет дейді мамандар. «Бұл шараны тез арада, 1,5-2 жылда жүзеге асыруға болады. Меніңше, баршамыздың көңілімізден шығатын ортақ шешімге таяу уақыттарда келетін шығармыз»,- деді А.Рязанов.
2002-жылы «Газпром» ААҚ мен «ҚазМұнайГаз ҰК» ЖАҚ Қарашығанақ кенішінен шикі газ сатып алып, оны Орынбор газ өңдеу зауытына тасымалдайтын «ҚазРосГаз» бірлескен кәсіпорнын құрған. 2003-жылы газ өңдеу зауыты 5,5 млрд. текше метр газ өңдеді, ал 2004-жылы 7 млрд. текше метр газ өңдеу көзделіп отыр.
Қарашығанақ газ кеніші жуық арада кенішті игерудің үшінші фазасына өтеді. Соның нәтижесінде газ өндіру мөлшері жылына 8 млрд. текше метрге жетеді деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта