Жарияланды: 800

«Газпромнефть» ПМӨЗ-ді сатып алу мәселесіне қатысты өз ұстанымын айқындамақшы

«Газпромнефть» Біртұтас экономикалық кеңістіктің (БЭК) Қазақстан мен Ресей мұнай өнімдері нарығына әсерін нақты түсінген соң, Павлодар мұнай өңдеу зауытын (ПМӨЗ) сатып алу мәселесіне қатысты өз ұстанымын айқындамақшы, деп сейсенбі күні ҚазТАГ-қа ресейлік компанияның коммерциялық дирекциясының директоры Леван Кадагидзе мәлім етті.

«Ол мәселені біз мұқият зерттегенбіз. Шешім қабылдауға қажет барлық мәліметтер бар. Біз бұл мәселе бойынша «ҚазМұнайГазбен» тығыз ынтымақтастықта болып, бұл мәміленің коммерциялық тиімділігін бірлесе зерттеп жатырмыз. Бірақ қазір оның тежеуіш факторы - біртұтас экономикалық және кедендік кеңістіктің жоқтығы болып отыр. Мұның нарыққа әсері қандай болады, бұл туралы біздің көзқарастарымыз алшақтық танытады. Ал барлығын да нарық анықтауы тиіс», - деді ол. «Қазір бұл мәселе екі жақты пікір алмасу деңгейінде ғана». – деді Л. Кадагидзе. Еске салсақ, «ҚазмұнайГаз» (ҚМГ) ПМӨЗ-ді сатып алатын ресейлік компанияны іздестіруде. Сарапшылардың пікірінше ондай компания Қазақстанда ЖҚС желілері бар «Газпромнефть» бола алады Бұрын хабарланғандай, «Газпром нефть-Казахстан» ЖШС 2020-шы жылдың соңына дейін 100 ЖҚС салу ниетінің барлығын жариялаған. Алғашқы кезеңде, 2010-шы жылдың соңына дейін компанияның Қазақстандағы барлық ЖҚС-тері бірдей «Газпром нефть» бөлшек саудалық брендіне көшуі тиіс болатын. 2011-ші жылы компания Алматы мен Астанада 20 ЖҚС салмақшы. 100 ЖҚС деңгейіне компания 2020-шы жылы жетпекші. Қазіргі кезде компанияға Қазақстанда 20 ЖҚС тиесілі. Павлодар мұнай химия зауыты (ПМХЗ)– Қазақстанда мұнай өңдеумен, мұнай өнімдерін өндірумен және сатумен айналысатын ірі кәсіпорын. ПМХЗ бензин, дизель отынын, реактивті отын, мазут, газ, мұнай битумын, мұнай коксы мен күкірт шығарады. Кәсіпорында мұнай өңдеу тереңдігі 85% құрайды. Жылдық қуаты 7,5 млн тонна мұнай өңдеуге есептелген. Зауыт Батыс Сібір мұнайына маманданған. Зауыттың акционерлері «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК» еншілес компаниясы) еншілес «Refinery Company RT» ЖШС арқылы ПМХЗ акцияларының 58%-на иелік еткен, зауыт акцияларының қалған 42% «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының иелігінде. «Газпромнефть» ААҚ («Газпром» ААҚ еншілес компаниясы) Ресейдің ең ірі мұнайгаз компанияларының бірі болып табылады. Компаниның негізгі қызметі мұнай мен газды барлау, өндіру, өңдеу және сату, сондай-ақ мұнай өнімдерін өндіріп, сату. «Газпромнефтің» дәлелденген көмірсутектік қоры SPE (PRMS) классификациясы бойынша мұнай эквивалентімен 1 млрд тоннадан асады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін