«Гелиос» көтерме саудадағы ЖЖМ бағасының көтерілуінен, отынның бөлшек саудадағы бағасын көтеруге мәжбүр болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Гелиос» көтерме саудадағы ЖЖМ бағасының көтерілуінен, отынның бөлшек саудадағы бағасын көтеруге мәжбүр болды

«Гелиос» көтерме саудадағы ЖЖМ бағасының көтерілуінен, отынның бөлшек саудадағы бағасын көтеруге мәжбүр болды

«Гелиос» компаниясы бензиннің көтерме саудадағы бағасының қымбаттауынан бөлшек саудадағы бағасын көтеруге мәжбүр болды, деп «Гелиос» ЖШС маркетинг және сату бойынша директоры Денис Трандофилов сейсенбі күні мәлім етті.

  • 13 Шiлде 2011
  • 854
Фото - Caravan.kz

«Нарықтағы бағаның көтерілуінің негізгі себебі – бізге отын жеткізетіндердің көтерме базардан алатын отын бағасының көтерілуінде. Бүгіндері көтерме баға бөлшек саудадағы бағадан асып кетті, яғни ол баға табиғи монополияларды реттеу агенттігі барлық мұнай өнімдерін сатушылар үшін бекіткен бағадан асып кетті», — деді Д. Трандофилов ҚазТАГ агенттігіне берген сұхбатында.

«Мысалы, АИ-92-нің шекті бағасы 1 литріне Т102 болса, көтерме саудадағы бағасы Т105 тұрады. Аи-80 бензинінің шекті бағасы Т84 болса, көтерме бағасы Т95-ке дейін тұрады. Дизелдік отында ең үлкен айырмашылық: шекті баға – Т87, көтерме баға – Т100-ге дейін барады. Осылайша көтерме баға бөлшек саудадағы бағадан Т3-Т13-ке артық», — деді ол.

Оның айтуынша, мемлекет бөлшек саудадағы бағаны реттегенімен, көтерме саудадағы бағаны реттемейтіндігінен осындай жағдай қалыптасып отыр.

Ол бұл жағдайды жоғарғы жаққа талай рет жеткізгенін, бірақ олардан әзірге жауап болмай отырғанын айтады.

Сондай-ақ, Д. Трандофилов компания ЖЖМ бөлшек сауда бағасының көтерілуіне байланысты бақылаушы органдар тарапынан бір әрекет болар деп күтуде екенін жеткізді.

«Біз тексеру басталатын шығар деп отырмыз. Біз оған дайынбыз. Біз барлығын құқықтық кеңістік алаңында істеп отырмыз», — деп ол атап көрсетті.

Бұрын хабарланғандай, «Гелиос» ЖШС 2011 жылдың 9 шілдесінен бастап компания ТМРА тарапынан реттелмейтін және монополистер тізімінде тұрмайтын аймақтардағы ЖҚС желілерінде ЖЖМ бағасын көтергенін хабарлады.

Бензин бағасын көтерген соң «Гелиос» желісіндегі бензин бағасы: А-80– Т97, Аи-92 – Т113, ДО – Т113 болды. Қазіргі баға компания жұмысының шығынсыз болатындай деңгейінде бекітілді. Бұл аймақтарда бұрын тоқтатылған дизелдік отын мен АИ-80 бензині қайтадан сатыла бастады.

Бұрын хабарланғандай, ҚР мұнай және газ министрлігі бензин бағасын көтерген «Гелиос» компаниясына қатысты шара қолдануға уәде берген.

«АИ-92-93 бензиндерінің шекті бағасы Т102 солай болып қалады. «Гелиос» компаниясы бағаны көтерді. Оған қатысты шара қолданылады. Мен оған парламент қол қойған заң да көмектеседі деп ойлаймын», — деді мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев дүйсенбі күні.

Соңғы жаңалықтар