Жарияланды: 480

«Гелиос» отын бағасын көтерді

«Гелиос» отын бағасын көтерді

Аймақтарда монополисттердің реестріне кірмейтін «Гелиос» ЖШС желісінің жанармай құю станцияларында (ЖҚС) 1 маусымнан бастап отынның бірнеше түрінің бағалары шекті деңгейге дейін көтерілді, делінген компанияның ақпаратында.

«Бүгінгі күні Қазақстанның көптеген аймақтарында отынның көтерме бағасы бөлшек бағадан да қымбат. Әсіресе, бұл отынның әлеуметтік маркаларына қатысты, мысалы, Павлодарда АИ-80 - 81 тг/л, ДО - 92 тг/л, ал біз АИ-80 - 76 тг/л және ДО- 74 тг/л бағамен сатамыз, демек өзіміз шығын көреміз. Мұндай жағдайда нарықты үзіліссіз түрде мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету және келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау туралы айтудың өзі қиын. Компанияның ҚазТАГ-қа хабарлауынша, 1 маусымнан бастап АИ-92 бензині 99 тг/л-ден 102 тг/л-ге дейін, АИ-95 111 тг/л-ден 114 тг/л-ге дейін, АИ-98 118 тг/л-ден 120 тг/л-ге дейін көтерілді. Ақпаратқа сәйкес, компанияның отын қоры баяғыда бітуге таяп қалған, ал отынның жаңа көлемін трейдерлер белгілеген бағамен сатып алу тиімсіз. «Гелиос» кіріс таппағаны салдарынан, отынның жаңа көлемін сатып алуға айналым капиталынан қағылып отыр. Жеткізушілер мұнай өнімдерінің сату бағасын ай сайын көтереді. Бұрын хабарланғандай, ҚР мұнай және газ министрлігі (МГМ) маусым айында жанар-жағармайдың шекті бағаларын 3-тен 7%-ға дейін өсіммен белгіледі. «АИ-92/93 маркалы бензиннің шекті бағасы литрі үшін Т102, АИ-80 - Т84, дизель отыны - Т88 деп белгіленді», - деп хабарлады агенттікке сәрсенбі күні МГМ. Еске сала кетейік, МГМ осының алдындағы айда белгілеген шекті бағалары АИ-92/93 литрі үшін Т99, дизотын - Т82, АИ-80 - Т80 деп белгіленген болатын. МГМ ай сайын әлеуметтік маңызды ЖЖМ түрлерінің шекті бөлшек бағасын беглгілейді, бірақ мұнай өнімдерін өндірушілер үшін көтерме бағаны шектемейді. «Гелиос» компаниясының Қазақстанда 228 ЖҚС-ы бар, ол отынды Павлодар мұнай-химия зауытынан сатып алады. «Гелиос» ЖШС ЖҚС желісі Қазақстандағы үш ірі ЖҚС желісінің бірі болып табылады. Бұл компания «Қазмұнайгаз» және Sinoil-мен бірге автомотор отынының бөлшек нарығының 70%-дан астамын бақылап отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть