Жарияланды: 450

«Гелиос» өзі монополистер тізімінде тұрмайтын аймақтарда ЖЖМ бағасын көтерді

«Гелиос» компаниясы өзі монополистер тізімінде тұрмайтын аймақтарда ЖЖМ бағасын көтерді, делінген компания хабарында.

«Гелиос» ЖШС 2011 жылдың 9 шілдесінен бастап компания ТМРА тарапынан реттелмейтін және монополистер тізімінде тұрмайтын аймақтардағы ЖҚС желілерінде ЖЖМ бағасын көтергенін хабарлайды», - делінген дүйсенбі күні таратылған хабарда. Хабарда айтылғандай, бұл шаралардың қажеттілігі отын бағасының көтерме саудадағы бағасы бөлшек саудадағы бағадан асып кетуіне байланысты болды. Мысалы, АИ-92 бензинінің көтерме саудадағы бағасы 1 л-не Т99-105, А-80 – Т84-95, дизел отыны – Т87-95 екен. Сонымен қатар 2011 жылы 1 шілдеде ЖЖМ-ге бекітілген шекті баға Аи-92- Т102, А-80 - Т84, дизельдік отынға - Т87 болды. Бензин бағасын көтерген соң «Гелиос» желісіндегі бензин бағасы: А-80– Т97, Аи-92 – Т113, ДО – Т113 болды. Қазіргі баға компания жұмысының шығынсыз болатындай деңгейінде бекітілді. Бұл аймақтарда бұрын тоқтатылған дизелдік отын мен АИ-80 бензині қайтадан сатыла бастады. Бұрын хабарланғандай, ҚР мұнай және газ министрлігі бензин бағасын көтерген «Гелиос» компаниясына қатысты шара қолдануға уәде берген. «АИ-92-93 бензиндерінің шекті бағасы Т102 солай болып қалады. «Гелиос» компаниясы бағаны көтерді. Оған қатысты шара қолданылады. Мен оған парламент қол қойған заң да көмектеседі деп ойлаймын», - деді мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев дүйсенбі күні үкімет отырысының кулуарында.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін