Оның сөзіне қарағанда, қан компоненттерін аппараттық жолмен дайындау ресурс үнемдеуші технология болып табылады. Сондықтан қан компоненттерін дайындауда ескі тәжірибеден біртіндеп арылған жөн. «Бұған қоса гематологиялық аурулалармен ауыратын балалар мен өзге де пациенттерге басымдық беріп, олар қанның сапалы компоненттерін пайдаланулары керек. Сондай-ақ лейкофильтрация қызметін 100 пайыз жүзеге асыру қажет»,-деді Орталық директоры.