Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
"Қадірменді қауым, менің Арызым бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Қ.Дәлбековке қарсы қозғалған қылмыстық іс “негізсіз” қысқартылып кеткенін білесіздер!
Қазір бұл жайт Мемлекет басшысының тікелей бақылауына алынды деп маған жедел хат келді!
Бас Прокуратурадағы “Ерекеңнің” қолымен және тікелей мұрындық болуымен бұл іс қысқартылып кеткен шығар, “Ерекең барда — не қам бар?!”, деп сеніп отыратын еді ғой…
Менің суицид жасаралды жазған хатымдағы Дәлбеков мырза жеке құрамнан міндеттеп “шәй-май”-ға ақша жинайды дегенімді — Антикордың өзі командирлерді құрықтап, бұлтартпас айғақ — жедел видео-жазбалармен дәлелдеп те берді!
Арман Саданов мырза, Шымкентте Қ.Дәлбеков келгелі жемқорлық бойынша ұсталып жатқандар тіпті күн санап артып жатқанын көріп-біліп отырсыздар, сонда да Қ.Дәлбековке заң жоқ па? Сыбайласқан “ескі” жүйенің “көзі” болып қашанғы отырады? Әлде Сіз де сол жеке құрамнан жиналатын “шәй-мәйға” ортақтасып, ішіп-жеп отырсыз ба? Осы сұрағыма Елдің алдында ашық жауап беріңізші!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қатаң тұжырым-тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қызметте — “командалық” көшу, таныс-тамыр, туыстық тағайындаулар мен “шәй-мәй” — жемқорлыққа жол жоқ!
Президент әкімшілігі мен Президентіміздің кеңесшісі Ернар Беспаев мырза менің Арызымда жазылған әрбір жайт-мәселеге жіті тоқталып, құзырлы органдарға тиісті тапсырмасын береді деп сенім білдіремін!
Әділетті Жаңа Қазақстанды құру — өз қолымызда! Оған біз осылай ашық күресу арқылы жете аламыз!
Генерал Қайрат Дәлбеков орнын босатсын,- деді ол.
https://www.facebook.com/photo?fbid=4834756096630326&set=a.735082083264435