Геннадий Головкин «Астана» кәсіби президенттік спорт клубына енетін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Геннадий Головкин «Астана» кәсіби президенттік спорт клубына енетін болады

Геннадий Головкин «Астана» кәсіби президенттік спорт клубына енетін болады

Қазақстандық боксшы, WBA чемпионы Геннадий Головкин «Астана» кәсіби президенттік спорт клубына енетін болады, деп хабарлайды Vesti.kz клубтың бас менеджері Айдар Махметовке сілтеме жасап.

  • 13 Қараша 2013
  • 458
Фото - Caravan.kz


Оның сөзіне қарағанда, бұл оқиға ертең, 13 қарашада орын алмақ.

Айта кетейік, 11 қараша күні Г. Головкин Астанаға келген болатын. Спортшының сапары жеке және іскерлік мәселелерді шешу үшін жасалды деп хабарланған еді.

Оған қоса, «Астана» клубының қатарына футзалда УЕФА Кубогының қазіргі иегері алматылық «Қайрат» кіруі ықтимал деген хабар қыркүйектің басында мәлім етілді.

Клуб құрамына «Астана» велокомандасы, «Барыс» хоккей клубы, «Астана» баскетбол клубы, Astana Dakar Team ралли-командасы, «Астана» футбол клубы, Astana Arlans бокс ұжымы, су добы және поло құрамалары, «Қазақстан Барысы» ұлттық күресі енген. Сонымен қатар зілтемірші Илья Ильин мен мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен жеке жоба ретінде қаржыландырылады. Енді олардың қатарына Г.Головкин қосылмақ.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера