Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының орта салмақтағы Әлем чемпионы атағын қорғайды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының орта салмақтағы Әлем чемпионы атағын қорғайды

Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының орта салмақтағы Әлем чемпионы атағын қорғайды

12 мамыр күні Украинаның Бровари қаласында Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBА) орта салмақтағы чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин жапониялық Макото Фучигамимен жекпе-жек өткізеді.

  • 8 Мамыр 2012
  • 487
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін 22 кездесу өткізіп, оның 19-ын нокаутпен аяқтаған 30 жастағы Г.Головкин бірде-бір жеңіліс таппаған боксшы. Ал оның 28 жастағы қарсыласы осы уақытқа дейін 25 кездесудің 19-ында жеңсе (10-ын нокутпен), алтауында жеңіліс (екеуінде нокаутпен) тапқан.

1982 жылы 8 сәуірде Қарағанды қаласында өмірге келген Г.Головкин чемпиондық атағын соңғы рет 2011 жылы 9 желтоқсанда Германияда қорғаған болатын. Онда ол Лажуан Симонды (Lajuan Simon) нокаутпен ұтқан еді. 2009 жылы 11 шілдеде Германияда Джон Андерсон Карвалионы (John Anderson Karvalho) WBO-ның бос тұрған Құрлықаралық Әлем чемпионы атанған ол одан кейін 4 рет өз атағын қорғап шықты. Енді WBA шешімі бойынша 30 қыркүйекке дейін орта салмақтағы тұрақты Әлем чемпионы ретінде суперчемпион дәрежесі бар германиялық Феликс Штурмның жекпе-жек өткізуі тиіс.

1983 жылы 30 шілдеде Жапонияның Токиодағы Хашиожиде өмірге келген Макото Фучигами қазір Кагошимадағы Акунеде тұрады. Макота соңғы кездесуін 9 сәуірде Токиода Кунг-Сук Куакпен өткізіп, өзінің қатарынан 9-шы жеңісіне қол жеткізді. Ол бұған дейін 2009 жылы 21 шілдедеде Тетсуиа Сузикиден жеңіліс тапқан болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера